«Psycho Express» Абай атындағы ҚазҰПУ-да
31 қаңтар күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Psycho Express» атты іс-шара өтті. Бұл шарада Алматы қаласы университет психологтары жиналып, университет студенттеріне тегін психологиялық қызмет көрсетті. Мақсаты, аз уақытта көп студентке психологиялық қызмет көрсету және психологтың көмегіне жүгіне білу мәдениетін қалыптастыру.
Атаулы шара 4 сағатқа созылды. Бұл уақытта 50-ге жуық студент қамтылды. Студенттердің басты мәселесі; өзін тану, өзін құнсыздандыру, өзіне деген сенімнің жоқтығы, социуммен қарым-қатынас екені белгілі болды.
Әр маман өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында студенттердің мәселесі оңтайлы шешілді.
БҰҰ-ның ТДМ шарттарында «Сапалы білім» мәселесі қарастырылған. Psycho Express жобасы студенттің психологиялық саулығын қамтамасыз етеді және білім алуына септеседі деп сенеміз.