Куратор-эдвайзерлерге арналған психологиялық семинар өтті

17 қаңтар, 2024

 

Жоғарғы оқу орыны тек білім берумен ғана емес сонымен қатар білім алушының жай-күйін бақылап отыруға жауапты. Осы орайды Фараби университеті Жастармен жұмыс жөніндегі департаменті,  Философия және саясаттану факультеті және «Partners In Health» халықаралық комерциялық емес қоғамдық денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп куратор-эдвайзерлерге «Куратор жұмысындағы психологиялық технологиялар» атты семинар-треннинг өткізді. Шараның мақсаты студенттермен жұмыста, қарым-қатынаста тұйықталған, проблемасы бар студенттерді анықтау, оларды аша білу, психологтың көмегіне дейінгі жедел жәрдем көрсете білу. БҰҰ-ның ТДМ шарттарына сәйкес «Сапалы білім» атты тұрақты даму (ТДМ) мақсатын орындау  университетіміздің міндеті.

Бұл шара қазіргі таңда өте өзекті, себебі жастар арасында глобарлды проблема суицид, өмірден қажу, қиындықты алып өту, өзін табу мәселесі әлі де шешілмей келе жатыр. н алды. Атаулы шара жастарымыздың болашағы жарқын болуына сепетеседі деген үміттеміз.  

 

Фараби университетінің «Филососфия және саясаттану» кафедрасының мамандары Мадалиева Забира Бекшқызы психология ғылымдарының докторы, Құдайбергенова Сандуғаш Қансарқызы психология ғылымының кандидаты, клиникалық психолог кураторларға проблемалы студенттермен психологиялық тұрғыдан қалай жұмыс жасау керегі турады түрлі технкаларын таныстырып, егжей-тегжейіне де айтып берді.

Семинарда кураторлардың тарапынан айтылған маңызды мәселелер қозғалды. Сұрақтарына қанағаттанатындай жауаптары берілді.