Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – ұмытпаймыз, мақтан тұтамыз!
2024 жылдың 12 сәуірінде Қазақ елі әлемге әйгілі ғалым, КСРО Ғылым академиясының академигі, кеңестік металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін салушы, металлургия ғылымының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын салтанатты түрде атап өтпек. Ғалымның есімі Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге кеңінен танымал. Қ.И. Сәтбаев көрнекті геолог болды. Әлемдегі ең ірі үштіктің бірі – атақты Ұлытау-Жезқазған мыс-кен орнын ашқан дәл осы аса дарынды ғалым – Қ.И.Сәтбаев болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1 курс студенттері де ғылымға шексіз берілген, халқын сүйетін кемеңгер де асыл тұлға ғалымның рухын құрметпен еске алуды жөн көрді. «Ең бастысы: көрнекті ғалым, адам, өз Отанының азаматы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл» атты іс-шара студенттерге академик Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен елге сіңірген еңбегімен кеңінен танысуға мүмкіндік берді.
Студенттер аталмыш шараға қатысу барысында аса жоғары деңгейде жауапкершілік таныта білді. Олар Қ.И. Сәтбаев өмірінің негізгі кезеңдері туралы сөз қозғап, замандастарының естеліктерімен танысып, оған арнаған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар ата-анасы, мектептегі және студенттік жылдары туралы, жары және әріптесі, сонымен қатар геолог Таисия Алексеевна Сәтбаева туралы презентация дайындап, зерттеуші өмірінің соқпақты тұстарын да тілге тиек етіп өтті. Ғұлама ғалымның қыздары да өз өмірлерін ғылым жолына арнағандары және өзге де жеке мәліметтер Қаныш Имантайұлы мен оның жанұясына шын жүректен таңданған студенттердің жүрегіне жылулық сыйлағандай болып, үлкен әсер қалдырды.