Түрік дүниесіндегі ұлттық идеялардың жаңғыруы және оның мәдениетке әсері

7 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай 2024 жылы 7- ақпанда Тарих факультеті докторанттары, магистранттары мен студенттеріне арналған ТҮРІКСОЙ ұйымының «Түрік мұражайлар бірлестігі» Бас координаторы, тарих ғылымдарының докторы Cavid Mövsümlü «Түрік дүниесіндегі ұлттық идеялардың жаңғыруы және оның мәдениетке әсері» атты Көшбасшылық дәрісі өтті. Дәрісте мұсылман әлемі түркі тілдес зиялы қауым өкілдерінің түркі халықтарының ағарту ісіне зор үлес тигізіп демократиялық құқықтары үшін жүргізген күресі жөнінде баяндады. Көшбасшылық дәріске Түркия Республикасы Хаджеттепе университеті фольклортану бөлімінің PhD докторанты «TURKTAV» Түрік тарихы мен мәдениеті қорының атқарушы директоры Лахаева Әсел, Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. Д.С.Байгунаков және Хаджеттепе университеті профессоры Kilinckaya Mehmet Dervisпен қатысып қазіргі кезде түркітану мәселелері әлемдік ғалымдардың қызығушылығын тудырып отырғанын айтты. Әсерлі кездесуде Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.,  Б.Б.Кәрібаев түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениеті жөнінде деректер мен мәліметтер айтты. Кездесу ұйымдастырушылары: т.ғ.к., профессор Г.Б.Қозғамбаева, т.ғ.к., қауымд.профессор У.М. Джолдыбаева.