Шетелдік ғалымдармен кездесу

7 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай 2024 жылы 7- ақпанда, сағат 13.00 де Тарих факультеті докторанттары, магистранттары мен студенттерінің қатысуымен ТҮРІКСОЙ ұйымының «Түрік мұражайлар бірлестігі» Бас координаторы, тарих ғылымдарының докторы Cavid Mövsümlü, Түркия Республикасы Хаджеттепе университеті фольклортану бөлімінің PhD докторанты «TURKTAV» Түрік тарихы мен мәдениеті қорының атқарушы директоры Лакаева Әсел және Хаджеттепе университеті профессоры Kilinckaya Mehmet Dervisпен кездесу өтті. Кездесуде «TURKTAV» Түрік тарихы мен мәдениеті қорының атқарушы директоры Лахаева Әсел түркі өркениетінің мұрагері болып табылатын түркі тілдес елдердің тарихы мен мәдениетінің дамуын айғақтайтын кітап қоры жөнінде кеңінен баяндады. Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. Д.С.Байгунаков бүгінгі күні түркітану мәселелері әлемдік ғалымдардың қызығушылығын тудырып отырғанын айтты. Әсерлі кездесуде ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.,  Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б.Кәрібаев түбі бір түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениеті жөнінде деркетер мен мәліметтерге тоқталды. Кездесуге кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушыcы Ноянов Е.Н., Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Смағұлов С. қатысты.

Кездесу ұйымдастырушылары: т.ғ.к., профессор Г.Б.Қозғамбаева  т.ғ.к., қауымд.профессор У. М. Джолдыбаева