- Басты бет
- Мұражай
- Ақпан айының басында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына орай университет музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» атты жылжымалы көрмелердің ашылуы өткен еді
Ақпан айының басында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына орай университет музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғасырлар қойнауында» атты жылжымалы көрмелердің ашылуы өткен еді
Осыған орай көрмені тамашалауға жан-жақтан көптеген қызығушылық танытқан көрермендер келуде. Бірінші кезекте, университетіміздің студенттері,оқытушылары мен қызметкерлерінің еліміздің мәдени, рухани мұраларын көзбен көріп, көне тарихымызбен терең танысуға мүмкіндіктері зор
Көрме ашылған күннен бастап тарих, филология, философия және саясаттану, дайындық, заң, жалпы медицина факультеттерінің 300-ге жуық студенттеріне жаңа экспозициялар таныстырылып, экскурсия жүргізілді. Экскурсияны ұйымдастырып, студенттердің археологиялық артефактерге деген қызығушылығын арттырып жүрген куратор-эдвайзерлер мен тарих факультетінің оқытушылары
Наурыз айының ортасына дейін өтетін көрмені тамашалауға барлық халқымыздың мәдениеті мен тарихи құндылықтарынан мәлімет аламын деген азаматтарды музей көрмелеріне шақырамыз!