Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған көшбасшылық дәріс

6 ақпан, 2024

2024 жылғы 6 ақпанда заң, экономика және физика-техникалық факультеттерінің магистранттары үшін «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесі. ҚазҰУ – Қазақстан жоғары мектебінің флагманы» тақырыбына көшбасшылық дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының профессоры,  педагогика ғылымдарының докторы, «2023 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері Мағауова Ақмарал Сәбитоллақызы өткізді.

Дәрістің мазмұны ҚР-дағы жоғары білім беруді дамытудың негізгі кезеңдерін және жоғары білім беру жүйесін Болон процесінің қағидаттарына сәйкес жаңғырту ерекшеліктерін ашуға бағытталды. Сондай-ақ, сабақ барысында БҰҰ-ның тұрақты дамуының төртінші мақсатының (Сапалы білім беруді қамтамасыз ету) мемлекеттік білім беру саясатында және жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың заңнамалық базасында көрініс табуы және іске асырылу деңгейіне талдау жасалды.

«Сіз білесіз бе...?» блиц-турнирін қолдану арқылы қаралған «ҚазҰУ – Қазақстан жоғары мектебінің флагманы» сұрағы магистранттардың ерекше қызығушылығын тудырып, оларды белсенді танымдық қызметке итермеледі. Талқылау барысында олар университеттің ерекшеліктері мен жетістіктерін атап қана қоймай, оның даму жолын талдауға тырысты, университетке «білім ошағы», «ғылым мен ағарту мекені», «Қазақстандағы және шетелдегі жоғары білім беру көшбасшысы» ретінде сипаттама берді. Дәріс соңында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Мүмкіндіктер аумағы» бейнеролигі ұсынылып, қорытындылар жасалды.