Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Көмек” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен студенттердің қатысуымен “100 отбасыға көмек” жобасы сәтті аяқталды. Мақсаты: Қазақстандағы жағдайы төмен отбасылар санын азайту, көмек көрсету. 17 қазан күні Komek_kaznu инстаграм парақшасында сбор ашылды, ол 2 аптаға созылған болатын. Сборға барлық студенттермен қала тұрғындары өз үлестерін қосты. 2 апта көлемінде ашылған сборда, 1 млнға жуық қаражат жиналған болатын. Алматы қаласы бойынша өтініш білдірген жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж отбасылар арасынан 100 отбасыны іріктеп алып, оларға азық-түлік, киім-кешек жеткіздік. Әр отбасыға 10 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Акциямыз студенттерге қызықты және мол сауапты іс болды.
Жоба біткенімен де біз жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді әрі қарай да жалғастырамыз! Азық- түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттарды Аль-Фараби 71/15 мекен-жайына келіп өткізе аласыздар! 15 жатақхананың 2 қабаттағы оқу залында Көмек ҚҚ қоймасы орналасқан.