Жаңа Төраға сайланды

25 қыркүйек, 2023

25.09.2023 күні Фараби Университеті, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының есептік-сайлау конференциясы өтті.

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының есептік сайлау конференциясы жоғары дәрежеде атқарылды. Конференция барасында Бейнұр Абдижамиқызы төрағалық еткен жылдарға қорытынды жасалып, естен кетпес ерекше кеш өтті.

Сайлау нәтижесінде 108/108 дауыс жинап Нұрқияс Аяна Айтуғанқызы ресми түрде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы атанды!

Жаңа төрағаға алдағы жұмыстарға сәттілік тілей отыра, шын жүректен құттықтау білдіреміз!