- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты қалалар мен елді мекендер: «Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері»
Тұрақты қалалар мен елді мекендер: «Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері»
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Алматы: қаланың тарихы және көрнекті жерлері» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер және оқытушылар қатысты.
Өткізілген іс - шараның жалпы мақсаты шетелдік студенттерді Алматы қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт - дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыра отырып, Алматы қаласы туралы білімін жетілдіру және кеңейту, қалаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Жиында сөз алған баяндамашылар Алматының көрікті жерлері, бүгінгі көрінісі, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл Алматы қаласының өз тарихы мен өз тағдыры бар екенін сөз ете отырып, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінетіні жайлы мақтанышпен сөз етті.
Шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.