Алматы сейсмикалық аймақта болуына байланысты, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері әр оқу тобында өз қамқоршыларымен жоспардан тыс кездесулер-әңгімелер өткізді. Тәлімгерлер шетелдік студенттерге төтенше жағдайларда мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салды. Өткізілген кураторлық сағат барысында оқытушылар әлемдік климаттың өзгеру проблемаларына және құрлық пен дүниежүзілік мұхит экожүйелерін сақтау проблемаларына да тоқталды. Өйткені бұл өзгерістер Жер планетасында болып жатқан барлық процестерге жаһандық әсер етеді. Студенттер аталған мәселелер бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Осылайша, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, теңіз және құрлық экожүйелерін сақтау тақырыптары талқыланды.