Тулегеновтың жеңісі

9 ақпан, 2024

7 қантар 2024 жылы   Біріккен Ұлттар Ұйымының «Салауатты өмір салты және әл-ауқат», «Барлығына сапалы білім беру» Орнықты даму мақсаттарын іске асыру бағытында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің «Криминалистикалық сараптамалар» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 курс магистранты Тулегенов Әлхам Серікұлы Астана қаласында ұйымдастырылып өткен Қазақстан Республикасы Кубогы спорттық жарысқа қатысып,  жеңіл атлетикадан 4х200 метр эстафетасында бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз-жүлдегер атанды.

Тулегенов Ә.С. өзінің жеңісін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына арнады. Ол Заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдиновке, Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Р.Е. Джансараеваға және барлық профессорлық-оқытушылық құрамға сапалы жоғары заң білімін алған үшін рахметін білдірді.

Айта кетерлік, сонымен бірге, Тулегенов Ә.С. жастар арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері бола тұра, білім мен ғылымды ұштастыра, бокс пен жеңіл атлетика спорт саларында биік жеңістерге жете біліп, өзі бітірген мектебінде аға оқытушы з.ғ.к. М.У. Досановтың жетекшілігімен салауатты өмір салты, құқықтық білім алу туралы дәрістер оқып жүрген парасатты жас заңгер-ғалым.