ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ БҰРШАҚ ЖӘНЕ АСҚАБАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ГЕНДІК ҚОРЫ

6 ақпан, 2024

Молекулярлық биология және генетика кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Айташева Зауре Гайнетдиновна магистранттарға «Тұрақты дамуға жету жолындағы бұршақ және асқабақ дақылдарының гендік қоры» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында осы дақылдарды таңдау және күтіп-баптау қажеттілігінің негізгі себептері талқыланды:

1) Олар азық-түлікпен қамтамасыз етіп, осы көкөніс дақылдарына негізделген азық-түлік өнімдерінің тағамдық құндылығын сақтауға үлес қосады.

2) Бұл жиынтықтар жеке ұлттың, этникалық азшылықтың, тіпті кей кезде бұрын беймәлім, өркениеттен жасырылған тайпаның ұзақ тарихи жолымен мәдени құндылықтарын көрсетеді.

3) Бұршақ-тұқымдас жиынтықтары микроорганизмдермен азотты түзетін симбиозға түсіп, топрақты азотпен байытады.

4) Бұршақ тұқымдастар ең жоғары дамыған елдердердің оншақтысы үшін маңызды су экспортық құралы болып саналады.

5) Лиана (өрмелей өсетін) бұршақтары мен сәндік асқабақтардың эстетикалық маңызы зор. Бүкіл әлем бойынша олар әйгілі ботаникалық бақтарды, қоғамдық саябақтарды және театр мен цирк қойылымдары шоғырланған алаңдарды безендіреді.

6) Мемлекеттік және жекеменшік университеттер мен колледждер өздерінің бұршақ-тұқымдас және асқабақ коллекцияларын биология, генетика, ауыл шаруашылығы, өсімдік қорғау, тұқым шаруашылығы және т.б. пәндерді оқыту үшін пайдаланып, бұл жиынтықтарды коммерциялық, ауылшаруашылық, сәндік, кәсіптік бағдар беру және биологиялық мамандықтарды насихаттау мақсатында қолданады.