12.01.2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, «Әділет» клубының мүшелері тұрақты даму мақсаттары - 5 аясында «Гендерлік теңдік» және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Ғылымдағы әйел мен қыздардың халықаралық күні» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада «Әділет» клубының мүшелері: Әйелдер мен қыздар әлем халқының тең жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең адамның маңызды құқықтарының бірі – гендерлік теңдік қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде және тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда басты рөл атқаратынын айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің спикерлері: «Әділет» клубының мүшелері: Хусайн Өркен, Олжасұлы Ердаулет, Нурбекүлы Әлішер, Қанжігітова Аружан баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: елімізде өзінің ғылым орнында елеулі үлесін қосып жүрген әйел адамдарын құрметтей білу, есімдерін танымал және көрнекті ғалым ретінде қадірлеп, қастерлеп жүру.