Заң факультетінің жастарыcалауатты өмір салты үшін
А.В. Мартыненко атап өткендей, «жастардың салауатты өмір салты өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайтудың анықтаушы факторы ретінде – жас адамның әлеуметтік белсенділігінің, оның рухани және дене күшін толық көрсетуінің шарттары мен алғышарттары болып табылады, толыққанды өмір сүру үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету, оның санасы мен мінез-құлқын мақсатты түрде қалыптастыру, денсаулық талаптарына сәйкес». Қазіргі қоғамда денсаулық пен салауатты әдеттер маңызды және құнды.
Адамның дені сау болса, ол бәсекеге қабілетті, отбасы берекелі, кәсіби өсуіне кепілдік беріледі. Біз жастардың денсаулығын сақтау мәдениеті заманауи білім берудің ең маңызды міндеті екенін түсінеміз және мұны студенттерге жеткізуге тырысамыз. 2024 жылдың 11 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай БҰҰ ТДМ 3 « Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу» аясында заң факультетінің 212 топ студенттері Шымбұлаққа барып, тауға шығып, таза ауамен тыныстап, шаңғы теуіп, демалысты белсенді әрі қызықты өткіздік.