ENACTUS KazNU болашағына сенім мол

13 ақпан, 2024

Университеттік ENACTUS ұйымының белсенді қатысу­шы­сы және оның дамуына үлкен үлес қосқан «Мате­ма­тика» ма­манды­ғының 3-курс студенті Айнұр Базарханды әң­гімеге тартқан едік.

– Айнұр, ENACTUS қандай ұйым?

– ENACTUS – студенттер мен жастар арасындағы көш­бас­шылық пен кәсіпкерлікті дамытуға арналған коммер­ция­лық емес халықаралық ұйым.  Ұйым бизнес-жобалар­ды қолдап, олардың дамуына жұмыс істейді. ENACTUS биз­нес-жобалары әлеуметтік, эко­логиялық, коммерциялық және инновациялық бағыттарды қам­тып, тұрақты даму мақсат­та­рына сәйкес құрылады. Ұйымның әлем бойынша 550-ден астам серіктестері бар. Оның ішінде Қазақстаннан да серіктестер бар.

– Ұйымның тарихы жайлы не айтасыз?

– Жоба 1975 жылы SIFE атауы­мен АҚШ-та бастау ал­ған. 1994 жылы халықаралық деңгейде танылды.1995 жыл­дан бастап SIFE қатарына Ор­та­лық Азия мемлекеттері қо­сы­лып, Қазақстанда жұмыс істей бастады. 2012 жылы өткен әлем кубогында (World Cup) жобаның жаңа атауы ENACTUS деп өзгертілді.

– Атауы мен ло­го­типі қан­дай мағынаны біл­ді­реді?

– ENACTUS – Enterpreneurship in action, Entrepreneurial, Action, US – бизнеске инно­ва­ция енгізіп, студенттік, акаде­мия­лық ортада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Жобаның логотипі ретінде бақыт пен бейбітшіліктің классикалық символы болатын сары тырна бейнеленген.

– Ұйым қалай жұмыс іс­тей­ді?

– ENACTUS елімізде жас­тар арасында өте танымал. Ұйым Қазақстанда  бірнеше универ­ситет пен мектептерде жұмыс іс­тейді. Enactus Kazakhstan Road Show – жылдық мақсат­тар­мен танысу, Business Collaboration Forum – Қазақ­стан­дағы ENACTUS ко­ман­даларының форумы өтеді. Жыл сайын әлем бойынша командалар арасында ұлттық сайыстар ұйымдастырылады. Ұлттық сайыстың жеңім­пазда­ры болған ENACTUS команда­ла­ры өз жобаларын мемлекет атынан әлем кубогында таныс­ты­рады. Жеңімпаз коман­да­лар­ға ақшалай сыйлықтар мен бизнес-жобалардың қаржы­лан­дырылуы беріледі. Соны­мен қатар ұйымда жастарға арналған қыстық және жаздық лагерьлер бар. Лагерьде әр­түр­лі командалар бір-бірімен танысып, бизнес-тренингтерге қатысады.

– Биыл ұлттық кубок пен әлем кубогы қалай өтті?

– ҚазҰУ ENACTUS команда­сы Астана қаласында өткен ENACTUS Kazakstan National EXPO ұлттық кубогына қатыс­ты. Өкінішке қарай, әлем ку­бо­гына жолдама ала алмадық. Дегенмен Е.Бөкетов универ­си­тетінің ENACTUS командасы (Қарағанды қаласы) ұлттық кубок иегері атанып, әлем кубогында еліміздің намысын қорғайтын болды. Әлем кубогы қазан айында Нидерланды мем­лекетінің Утрехт қала­сын­да өтті. Әлем кубогының иегері бо­лып Египеттің ENACTUS ко­ман­дасы танылды. 2024 жылы әлем кубогы еліміздің Астана қаласында өтетіні туралы ше­шім қабылданды. Біздің уни­вер­ситет командасы 2001 жылы Лондон қаласында өткен әлем кубогында арнайы «Жыл серпілісі» сыйлығына ие бол­ған. Алдағы уақытта коман­да­мыз биік шыңдарды бағын­ды­рады деп сенемін.

– ENACTUS-тың жастар­дың тұлға болып қалып­та­суына әсері қандай?

– Бизнес-жобаларды да­йын­дау кезінде командамен жұмыс істеу, жаңа идеяларды ойлап табу адамның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Құ­жат­тарды сауатты толтыру, сах­на алдында сөйлеу, қар­жымен жұмыс істеу soft skills-ті дамытады. Одан бөлек, өткен оқу жылы кәсіпкерлік бойынша қосымша сабақтар жүргізілуі­нің нәтижесінде біз бизнес-жо­баларды құруды меңгеріп шық­тық. KMF&KMF демеулік ком­паниясының Finboss қар­жы­лық сауаттылыққа байла­ныс­ты байқауы кезінде мектеп оқушыларымен жұмыс ат­қар­дық. ENACTUS өзіме жаңа дос­тар мен кәсіпкерлік орта, тә­жі­рибе берді. Студенттік өмі­­рімнің қызықты кезеңдерін осы ұйым­мен бірге бөліскеніме қуа­ныш­тымын. ENACTUS-тың қата­рын­да болып, әлемнің дамуына бір­ге үлесімізді қоса­йық.

Сұхбаттасқан

Ақнұр ЖОЛДАСБЕК,

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушысы