Прокурорлық қадағалау және оның негізгі бағыттары

30 қаңтар, 2024

30.01.2024 жылы БҰҰ ТДМ 16 - Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттарды іске асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында Алматы қаласы прокурорының бас көмекшісі Әлішер Кемелұлы Мырзаханов қонақ болды!
Сапар аясында Мырзаханов мырза студенттерге "прокурорлық қадағалау және оның негізгі бағыттары" тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында прокурордың бас көмекшісі прокурорлық қадағалаудың негізгі аспектілерін және оның заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлін қарастыра отырып, Құқық қорғау саласындағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер лекторды мұқият тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойып, талқылауға белсенді қатысты. Бұл олар үшін заң саласындағы кәсіби қызмет және заңгерлерді даярлау туралы көбірек білуге мүмкіндік болды.
МЫРЗАХАНОВ мырзаға қызықты әрі танымдық дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз! Біздің кафедра мен құқық қорғау органдары арасында одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға үміттенеміз.