Дөңгелек үстелде тұрақты даму мәселері талқыланды

14 ақпан, 2024

2024 жылдың 9 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Корпоративтік, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік арқылы тұрақты даму: бүгін және ертең» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдеАҚШ, Ұлыбритания, Польша, Финляндия және Ресейден халықаралық сарапшылар сондай-ақ қазақстандық ғалымдар мен практиктер қатысты. Олар зерттеу нәтижелерімен алмасып,корпоративтік жауапкершілік саласындағы үздік тәжірибелерді талқылады. Сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік бағдарламалардың бизнес пен қоғамға әсері, сондай-ақ елдердің тұрақты дамуын жақсарту стратегияларын қалыптастыру қарастырылды.

Дөңгелек үстел барысында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ESG стандарттары шеңберінде бизнестің жауапкершілігіне әсер ететін аса маңызды факторлар талқыланды және айқындалды. Талқылау нәтижелері бизнес өкілдеріне, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына, ғылыми жұртшылыққа жолданды.