«Теңіз экожүйесін сақтаудың құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

«Теңіз экожүйесін сақтаудың құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел

14 ақпан, 2024

14 ақпан 2024 жылы ҒСК «Елтұтқа» қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы БҰҰ ТДМ 14-мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай «Теңіз экожүйесін сақтаудың құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада «Елтұтқа» клубының мүшелері Жакупова Ж., Реджепбаев Д., Кайратұлы А., белсенді қатысып, теңіз экожүйесінің маңызды аспектілерін, теңізді қорғаудың құқықтық негіздерін, теңізді ластаудың қоғамға қауіптілігін талқылады. Шараға төрағалық етуші – Есенғалиқызы Айсұлу теңіз эко жүйесін қорғаудың құқықтық негіздерін дамытуға ұсыныстар білдірген болашақ заңгерлерге өз алғысын білдірді.