Студенттердің сенімді серігі

16 ақпан, 2024

Оқытушы – оқыту­шы­лық қызметпен де, тәрбие жұ­мы­сымен де айналы­са­тын маман. Сондықтан оқытушы­ның міндеті – қа­жетті білім беру ғана емес, сонымен бірге белгілі бір білім алу қажеттілі­гін түсінбеген кезде студент­тер­ге көмек беру.

ЖОО оқытушысының педаго­ги­калық қызметінің негізгі си­пат­тамасы – педагогикалық құ­зы­рет­тілік, ол педагогика, пси­хология білімдерін меңгеруді қажет етеді әрі оқытушының оқу процесіне оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын енгізуге қатысты үнемі жетіл­ді­рі­луін анықтайды.

Ұстаз бейнесін көз алдыма елестеткенде, ең алдымен, мейі­рім­ді, өзіне қызығушылық таныта алатын және студенттермен қа­рым-қатынасы жақсы тұлға тұ­рады. Өйткені оқытушы мен сту­денттер бірге жұмыс істейді. Мы­салы: студенттердің өзіндік, курс­тық, дипломдық жұмыс­та­ры­мен айналысуы, сонымен қа­тар  студенттердің кейде көмекке жүгінуі барысында  оқытушының кеңестері өте қажет. Мұнда тағы бір маңызды нәрсе пайда бо­лады, ол – оқытушының эмпатия қа­білеті, яғни бұл қабілет сту­денттерге жанашырлық таныту, олардың жағдайын түсінуге де­ген ұмтылыс. Сондай-ақ ма­ңызды қасиеттердің ішінде оқы­тушының өз пәнін жетік білуі деп білемін және ішкі харизмамен анықталған әзіл сезімі де қалыс қалмауы қажет.

Педагогика мамандығында сөй­леу өте маңызды, әрбір сөзі мә­нерлі, эмоционалды, сенім­ділік ұялата алатындай түрлі болуы қажет. Сонымен бірге өз ойларыңызды сауатты, түсінікті, қарапайым түрде студенттерге жеткізе білу де шеберліктің бел­гісі. Мен үшін осындай қасиеті бойында бар оқытушы – Гүл­бар­шын Азисқызы. Алғашында қарапайым ғана болып көрінген оқытушымның бар қасиеті ішінде бүгулі екен. Салған беттен-ақ бізді білім мұхитының кемесіне мінгізіп-ақ жіберді. Әрдайым бізге жөн сілтеп, бағдар беріп отырады. Қазір ойлап қарасам, ұстаздың қасиеті осында екен. Атап айтқанда: оқытушының бо­йында студенттермен жұмыс істеуге деген бейімділік, өз пә­ніне қызығушылық таныту мүм­кіндігі, қиналсаң қолдап, жа­бық­саң жәрдемдесер, өмір сынына қарсы тұрар қайратыңды жа­ни­тын, көзқарасы салқын болса да, жылулық ұшқыны байқалатын тұлға ретінде осы кісіні айта аламын. Бұл менің шәкіртінің өзінен озуын тілейтін ұстазым жайлы бір үзік сырым.

Сюэхун ПЭН,

филология факультеті

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының

4-курс студенті