Сапалы білім – біздің болашағымыз

7 ақпан, 2024

2024 жылдың 7 ақпанында Филология факультеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Қайырбек М.Н. Философия және саясаттану факультетінің «Философия» мамандығында оқитын 1 курс студенттерімен бірлесіп «Сапалы білім» ТДМ-4 аясында «Сапалы білім – біздің болашағымыз» тақырыбында іс-шара өткізді. Сапалы білім әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын жақсартудың негізін қалайды және қоғамдағы барлық саланың дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Жаһандану жағдайында университет заман талабына сай интеллектуалдық ой-өрісі мен жаңашыл идеяларын қалыптастыратын жаңа буын мамандарын дайындайды.

Шара барысында студенттер Әжғалиева Зарина, Орманбай Теміртас, Оразан Ермұхамет, Майлыбай Нұрсұлтан «Сапалы білім – маман құзыретінің негізі» тақырыбында баяндама жасаса, Жасмин Махамбетжанова, Раушан Парахатова, Затыбек Мерей «Заманауи жағдайда кәсіптік білім беруді жаңғырту» тақырыбында баяндама жасады. Жомарт Жасмин, Тілемісұлы Арнат, Суханберлиев Мақсат, Сәлімжанов Асылхан және Әріпхан Құдайберген Қазақстандағы білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Шара барысында қатысушылар дискуссияға қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде олар еліміздің азаматтарының сапалы білім алуға мүмкіндігі бар деген тұжырым жасады. Модератор Қайырбек М.Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттерге ұсынатын мүмкіндіктері туралы айтты, сондай-ақ «Тұрақты даму мақсаттарының» бағдарламалық құжатымен таныстырды.

 

Ұйымдастырушы: Қайырбек М.Н., Оспан А.О.