08.02.2024 сағат 14.00-де 428 аудиторияда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Х. Салханованың басшылығымен 15-інші ТДМ аясында Құрлықтың экожүйесін сақтау тақырыбы талқыланды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараға «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқитын қазақстандық студенттер, сондай-ақ Қазақстанға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға келген бельгиялық студенттер қатысты. Қазақстандық студенттер Сағынбаева Дильназ, Маратова Жанель, Еренғалиева Аружан және басқалары еліміздің топонимикалық картасы туралы айтып берді. Бельгиялық студенттер Ламберт Дамьен, Тоссенс Мария, Жуде Тедтим таныстырылымдарында туған қалалары туралы материалдарды көрсетті. Соңында студенттер экологиялық мәселелерді шешу жолдары туралы ұсыныстарын білдірді.
Ұйымдастырушы: Салханова Ж.Х.