Әскери кафедраның ашық есік күні

9 ақпан, 2024

09.02.2024 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің 90-жылдығы және бірінші қорғаныс министірі, халық қаһарманы, армия-генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың 100-жылдығына орай колледж диреторының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ахметова М.А мен колледж директорының оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Аппакова М.Н. басшылығымен ПОР-109, ИСК-111 орыс қазақ топтары алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары майор Закулин М.С. пен Егеубаев А.А. аталған топтармен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің әскери кафедарасына ашық есік күніне барды. 

Ашық есік күнін өткізудегі басты мақсаты – жас буынды әскери кафедраның тыныс-тіршілігімен таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Жас патриоттар аумақтағы әскери техникалармен, қару-жарақ түрлерімен танысты. Әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы мен оқу-жаттығу және саптық алаңдарын аралады. Кафедра сыныптарындағы жоғары оқу орны студенттерінің әскери дайындық сабақтарына қатысып, атыс дайындығы тренажерлар кешендері мен кафедра кітапханасында болды.

Әскери кафедра студенттері оқу кезінде үйренген дағдыларын: тактикалық саптық тәсілдер, АК-74 автоматын жинау және бөлшектеу, тағы басқа да білімдерін қонақтарға көрсетті. білім алушылар Әскери кафедраның оқу-материалдық базасын, болашақ офицер маманын даярлауға арналған оқу орындарын, шағын калибрлі артиллериялық полигондарды тамашалады. білім алушылар сонымен қатар Әскери кафедраның мұражайы мен оқу аудиторияларына барды. Олардың назарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу және даму тарихы туралы фильм ұсынылды. Тәжірибелі оқытушылар кафедраның тарихы, Әскери істер институтының қызметі мен күнделікті өмірі туралы айтып берді. Әскери тәжірибелік машықтарды қалыптастырушы лауазымды тұлғалар «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің әскери қызмет пен дайындық жайлы сұрақтарына жауап беріп, болашақта Отанды қорғауға шақырды