Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру

12 ақпан, 2024

12 ақпан 2024 ж. «Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері» пәні бойынша өткен сабақта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1-курс магистранты Джаманбаева Акку «Заң білімі: тарихы, дамуы, болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Магистранттың баяндамасы Қазақстандағы заңгерлік білім берудің өзекті мәселелеріне, соның ішінде осы саланың тарихы, дамуы мен болашағына арналған.

1-курс магистранттары осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Бұл олардың қызығушылығын және осы тақырыптың олар үшін маңыздылығын көрсетеді. Талқылау студенттерге пікір алмасуға, білімдерін тереңдетуге және осы тақырып бойынша сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық әдіс арқылы заң білімін оқытатын жоғары оқу орындары зерделенді. Бұл әдіс талдаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тәсіл білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, оқыту әдістерін, сондай-ақ әртүрлі оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың принциптерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай талдау студенттерге құқықтық білім берудің әртүрлі тәсілдері туралы толық түсінік алуға және осы тақырып бойынша өз көзқарастарын дамытуға көмектеседі.

Сабақтар з.ғ.д., профессор А. С. Ибраеваның жетекшілігімен өткізілді.