Лайықты жұмыс және экономикалық өсу
2024 жылдың 15 қаңтарында №8-ші ТДМ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры з.ғ.к., Қ.Ж. Қуандықов және аға оқытушысы С.М. Жапаков Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» жергілікті кәсіптік одағының жылдық жұмыстарының есебін тыңдады. Баяндама жасаған «Парасат»жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Т.Қ.Мекебаев.«Парасат»жергілікті кәсіптік одағының заңгері Д.У.Рыскалиев Жылдық есепте атқарылған жұмыстың нәтижесі, жетістіктері және алға қойған жоспарлары баяндалды. Жыйналысқа қатысқан қызметкерлер арасында көптеген сұрақтар қойылып өз жауаптарын алды.Кәсіподақ төрағасы Т.Қ.Мекебаев Ұжымдық бірлікті одан әрі арттырып сапалы жұмыс атқару баршамыздың міндетіміз деп сәттілік тіледі.