Жақсы денсаулық, әл-ауқат, салауатты өмір салты

13 ақпан, 2024

Жақсы денсаулық, әл-ауқат, салауатты өмір салты – қазірге кезде көп талқыланатын, халықты ойландыратын өзекті тақырыптардың бірі десек қателеспейміз. Денсаулығымызды қалайша жақсарта аламыз, күнделікті өмірге қажетті сапалы тағам мен пайдалы дәрумендер көзі, олардың адам денсаулығына әсері көп адамдарды бейжай қалдырмайтыны анық. Қарбалас өмір, оқу мен кітапхана арасындағы жүгіріс, бәріне үлгеремін деген ниеттері салдарынан көп студенттердің өз денсаулығына салғырт қарап жүргендері алаңдатады. Осынды маңызды тақырыпты 13.02.2024 күні сағат 20:00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің №17 жатақханасында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А. Жапарова «Зор денсаулық – бақытты өмір» атты филология факультетінің студенттерінің арасында «Салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы» атты пікір алмасу, ой бөлісу орын алды. Кездесу барысында студенттер тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтермен танысты. Ұстазбен бірге, студенттер де өз ойларын ортаға салып, көптеген құнды ақпараттарымен бөлісті. Бұл сабақта сұрақ-жауап, пікірталас әдістері қолданылды. Аталмыш тақырып бойынша студенттерге қызықты презентация көрсетілді.