«Діни сауаттылық және дінтанулық білім» дөңгелек үстел

13 ақпан, 2024

ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай 2024 жылдың 13 ақпан күні, сағат 11:00 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану каферасы «Тұрақты даму»  бағдарламасы аясында 4-ші мақсат «Сапалы білім беру» бағытына негізделген исламтану және дінтану  мамандықтарының  2 курс докторанттары Шаңбаева А.Н., Мұқан А.Б., Болатжан Ә,Н., және дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушылары филос.ғ.к., доцент  м.а. Қаңтарбаева Ж.О, филос.ғ.д., доцент   Борбасова Қ.М., заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Бишманов К.М., ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық және дінтанулық білім»  атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі қоғамдағы діни сауаттылық  пен дінтанулық білімнің маңыздылығы, қоғамдағы белең алып отырған діни кітаптар мен  хиджаб мәселесі талқыланды. Профессор Қайыркен Құдайбергенқызы тың идеялар мен ұсыныстарды ортаға салды, нақтырақ айтсақ, біздің құндылықтарымыз мектеп қабырғасынан басталатын тәрбиеде болғандықтан, Жоғары оқу орындарында арнайы тәрбие жұмысымен айналысатын діни сауаты бар  білікті кадрлар даярлауды ұсынды. Шебер ұстаз Балабекқызы Қ., Наурызбайұлы Д., мектептегі қазіргі таңда дінтанулық білімнің қалай жүргізіліп жатқанын және оқулықтар мазмұны мен оқушылардың көзқарастары аясында баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелге философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Б.Б., дінтану және мәдениеттану кафедрасының кафедра меңгерушісі Құрманалиева А.Д., дінтану және исламтану мамандығының 1 курс студенттері, магистранттары мен докторанттары, кафедра оқытушылары қатысты.