«Білім берудегі Гендерлік теңдік» тренинг-семинары
Философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы 14 ақпанда университет басшылығының бастамасымен Қазақстанда БҰҰ - ның тұрақты дамуының 17 мақсатын ілгерілету бойынша тиімді шараларды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде «Білім берудегі Гендерлік теңдік» тренинг-семинарын ұйымдастырды. Тренингті Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кеңсесінің, SEO Teachers Lab, PhD Сәуле Зейнолла сертификатталған жаттықтырушы-кеңесшісі өткізді.
Кафедра ғалымдарының жеткілікті үлкен теориялық және зерттеу тәжірибесінің болуын ескере отырып, тренинг барысында білім беру процесінің барлық қатысушыларының осы мәселені түсінуде жаңа тәсілдерді қалыптастыру жолымен білім беру саласындағы гендерлік теңдікті практикалық іске асыру әдістеріне басты назар аударылды. Сондай-ақ, тренинг-семинар тақырыбы аясында әртүрлі міндеттерді практикалық шешуге бағытталған фокустық объектілер әдісін қолдана отырып, жемісті пікірталас өтті. Аталған іс-шараны кафедра оқытушылары Е. О. Ноғайбаев пен С. А. Амитов ұйымдастырды.