Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар
2024 жылдын 14 ақпанында ТДМ № 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында әл-Фараби атындағы КазҰУ, заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы заң ғылымдарының кандидаты, Турсынкулова Динара Ахановна 301 топ студенттерімен вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты: Білімгерлердің құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Вебинар барысында тұрақты даму, сот төрелігіне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету және қатысуға ықпал ететін тиімді, есеп беретін институттардың барлық деңгейінде құру мүдделері үшін үйлесімді және ашық коғамдастықтар кұруға жәрдемдесу қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар студенттермен кері байланыс жасай отырып пікірталас жүргізілді.