Әлемді өзгерткен - ғалым әйел

16 ақпан, 2024

Жыл сайын 11 ақпанда 2016 жылдан бастап БҰҰ шешімімен ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтеді. Осы мерекені «Экономика» кафедрасының Экономика-23 ББ 1 курс К1 және К2 топ студенттері де атап, «Әлемді өзгерткен - ғалым әйел» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Болашақ қоғамды тұрақты дамыту ТДМ 4-ші мақсаты - «Сапалы білім беру» және 5-ші мақсаты «Гендерлік теңдік» бойынша, әйел қоғамының ғылымдағы маңызы мен еңбектері анықталды. 14 мемлекетте жүргізілген зерттеу ғылымдағы ер адамдар мен әйелдердің арасындағы теңгерімсіздікті көрсетті. Сондықтанда ғылым саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында атаулы күн аталып өтіледі. Кураторлық сағатта әйел адамдардың ғылымдағы рөлі ғана айтылып қоймай, студенттердің жеке құнды ойлары да тыңдалды. Мереке әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуіне және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған.