Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Биология және Биотехнология факультетінде Биоалуантүрлілік және Биоресурстар кафедрасында негізделген «Жас Ғалымдар клубының» дәрісі өтті. Іс-шара аясында көрнекті генетик және молекулалық биология саласындағы маман Лебедева Лина Павловна спикер ретінде "Спортқа генетикалық бейімділік" тақырыбана дәріс оқыды. Дәріс барысында генетикалық факторлар мен бейімділіктердің адамның спорттық жетістіктері мен белсенділігіне әсерін қарастырды. Лебедева Лина Павловна физикалық қабілетке, жаттығудан кейінгі қалыпқа келу жылдамдығына, жүктемеге бейімделуге қандай гендердің және ғалымдар мен спортшылар үшін басқа да маңызды аспектілердің әсер ету мүмкіндігі жайлы егжей-тегжейлі түсінік берді. Генетика саласындағы тәжірибесімен, білімімімен сондай-ақ құнды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, дәріс барысында жаттығу процесін оңтайландыру мен спорттық өнімділікті арттыру үшін генетика жөніндегі білімді пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Дәріске іс-шараны ұйымдастырушы ЖҒК өкілдері, бакалавриат студенттері, магистранттар, сондай-ақ мұғалімнің еруімен мектеп оқушылары қонақ ретінде қатысты. Ал жас ғалымдар өз кезегінен университет басшылығы мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Лебедева Лина Павловна қызыктырарлық ақпараты үшін қонақтардан оң пікір алды. Дәрістің аяғы белсенді талқылау мен спикерге қойылған сұрақтардың алуандылығы, аудиторияның тақырыпқа деген қызығушылығының болуын көрсетеді.
Үйірме жетекшісі: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары., аға оқытушы Жаркова И.М.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы