ҚазҰУ-да ғылыми журнал редакторларына арналған семинар өтті
Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында ҚазҰУ-дың ғылыми журналдарының редакторлары Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н.Ельцин атындағы Урал федералды университетінің ғылымометрия зертханасының меңгерушісі, Дүниежүзілік банктің сарапшысы Марк Акоевпен кездесті.
Семинарда Марк Анатольевич өзінің «Ғылымометрия жөніндегі нұсқаулық: ғылым мен технологияның даму индикаторлары» атты кітабын таныстырды. Білікті маман ғылымометриялық және библиометриялық көрсеткіштер туралы білімі мен тәжірибесімен және ғылыми журналдардың жарияланымдық белсенділігін қолдауға қалай көмектесетіндігі туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесуде ғылыми журналдарды халықаралық дерекқорларға жылжыту, сондай-ақ олардың танылуы мен дәйексөзін арттыру мәселелері талқыланды. Спикер Урал федералды университетінің бір журналының мысалында халықаралық мәліметтер базасына ғылыми басылымды жылжыту үшін қандай қадамдар жасалғанын көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми журналдарды дамыту бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі