Студенттер биотехнология кафедрасының ғылыми зертханаларының жұмыс бағыттарымен танысты

15 ақпан, 2024

15.02.2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультетінде «6B05103 – Биотехнология» және «6В05101 – Биологиялық инженерия», «6B05107 – Микробиология» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2- және 3 курс студенттеріне арналған “Биотехнология кафедрасының Ашық есік күні” өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің болашақ мамандығына мотивациялық-құндылық көзқарастарын қалыптастыруға кәсіби бағыт-бағдар беру. Іс-шара барысында студенттер кафедрадағы ғылыми зертханалармен және оларда профессор-оқытушылар құрамының жүргізіп жатқан іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысуға үлкен мүмкіндік берілді.

 

 

 

Әртүрлі бағыттар бойынша ғылыми жобалар шеңберінде алынған нәтижелер және оларды практикада қолдану мен Қазақстан Республикасында өндіріске ендіру перспективалары көрсетілді.

Б.ғ.к. доценттер С.Ш. Асрандина, Г.К.Кайырманова, Г.И.Ерназарова, б.ғ.д., профессорлар С.Д. Атабаева, С.С. Кенжебаева, аға оқытушылар Г. Доқтырбай,  А.Б. Талипова, А.А. Мелдебекова.