Аймақтану кезеңдері мен формалары

21 ақпан, 2024

19 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай және ТДМ 17– «Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестікті іске асыру және жандандыру құралдарын күшейту» жүзеге асыру шеңберінде Экономика кафедрасы Белосток технологиялық университетінің профессоры, PhD докторы Katarzyna Czerewacz-Filipowicz «Аймақтану кезеңдері мен формалары» тақырыбында онлайн форматта қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында тыңдаушылар аймақшылдық ұғымы туралы түсініктерін тереңдете түсті. Профессор аймақшылдықтың әртүрлі аспектілерін, оның ішінде оның тарихын, мәнін, формалары мен даму кезеңдерін жан-жақты түсіндірді. Лектор аймақшылдық дамуының әртүрлі кезеңдерін талдауды ұсынды: тарихи мысалдар мен аймақтық қозғалыстар мен бірлестіктердің қазіргі жағдайлары және оның эволюциясына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді.