ЦУР 4; «MENІŃ BAÝYRYM» волонтерлік жобасы 

20 ақпан, 2024

20 ақпан 2024 жылы сағат 16.00-де "Әл-Фараби" кітапханасында"   № 408 конференц-залында волонтерлік жоба «MENІŃ BAÝYRYM» атты семинар-тренинг өткізілді.  Бұл семинар- тренингке университетіміздің "Қазақстан Еріктілер лигасы қоғамдық қоры" және "Көмек" қоғамдық қорының мүше студенттері белсене ат салысты.

Жобаның мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында қолайлы тәрбиелеу-оқыту ортасын құру. 

Жоба балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Ерікті студенттер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, патриоттық тәрбие беру, экологиялық ойлауды қалыптастыру, мәдени жобаларды іске асыру, бала-ата-ана қарым-қатынасын нығайту, бала-жасөспірім ортасында құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу, эмоционалдық интеллектіні дамыту, кәсіптік бағдарлау, оқуға деген қызығушылықты арттыру, қаржылық және IT - сауаттылық және т. б. осындай өзекті бағыттарда азаматтық бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс істейтін болады.