«Өмір салты және денсаулық»

20 ақпан, 2024

2024 жылдың 19 ақпанында«6В05109 – Нейроғылым»мамандығының 2 курс студенттері куратор, аға оқытушы Е.В.Швецовамен бірге «Өмір салты және денсаулық» тақырыбында ТДМ 3 мақсаты аясында семинар-тренинг ұйымдастырып, өткізді. ТДМ 3 мақсаты аясында өткізілген семинар-тренингтің мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің презентациясы ТМД-ның мәнін ашты. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Барлығымыз үшін ең жақсыға және тұрақты болашаққа қолжеткізудің жоспары» ретінде әзірлеген өзара байланысты 17 мақсаттың жиынтығы болып табылады. Бұл мақсаттар Бас Ассамблеяның қарарында «2030 жылға дейінгі күн тәртібі» деп аталды және олар мыңжылдық даму мақсаттарын ауыстырды. Бас Ассамблеяның «Әлемді түрлендіру: тұрақты дамудың 2030 күн тәртібі» атты қорытынды құжаты 17 жаһандық мақсат пен 169 байланысты мақсатты қамтиды. Одан кейін адамның өмірсалтының денсаулыққа әсері талданды, атап айтқанда, зиянды әдеттердің проблемалары, әсіресе физикалық белсенділіктің жас ағзаның дамуына әсері анықталды. Сонымен қатар, студенттер сабаққа үнемі қатысу және кітапханада жұмыс істеу, компьютерде жұмыс істеу оларға күніне 7 сағаттан 9 сағатқа дейін уақыт алатындықтан, олар үшін әсіресе пайдалы жаттығулар бойынша тренингтер өткізді. Бүкіл топ жұмыс жасап, тақырып толығымен ашылып, оқушыларға қызықты болды.