ЦУР 4; "Good to great" жобасы

21 ақпан, 2024

16.02.24 Жоғары Студенттер Ғылыми Қоғамының ұйымдастыруымен “Good to great” жобасы өткізілді. Жоба мақсаты: Студенттердің бейімделуі мен мансаптық өсуіне ықпал ете отырып, құнды білім алмасу, тәлімгерлік ету және қолдау көрсететін білім беру ортасын құру мақсатында тәжірибелі түлектер мен бітіруді жоспарлап отырған студенттер арасында көпір салу.
Осы орайда жобаның алғашқы қонақтар болып Әріпов Абзал мен Серік Азат өз білгендерімен бөлісті. 
Қазіргі уақытты Әріпов Абзал- жеке кәсіпкер, “AdGraft” шелкография орталығының директоры. 
Серік Азат- физики-техникалық факультетінің студенттік деканы, 4 курс студенті. 
 
Кездесу соңында қонақтарға “Студенттер Ғылыми Қоғамы” атынан алғыс хат пен арнайы сыйлық тарту етілді.