Өзің оқы, өзгеге сыйла!

21 ақпан, 2024

14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ақпанның 16 жұлдызында «Экономика» кафедрасының Эк-23, К1 және К2 топтарының студенттерімен «Өзің оқы, өзгеге сыйла!» тақырыбында тәрбиелік шарамыз кітап сыйлау акциясымен жалғасын тапты. Кітапты сыйға тарту күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтілуде. Бұл мерекенің мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Халықаралық Кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы мереке, өйткені барлық адамзатты кітап оқуға, білімге шақыратын болашағы мол мереке.

Бұл халықаралық мерекенің бастамасы АҚШ-тың «балалар кітабы» сайтының негізін қалаушы, үш баланың анасы Эмми Бродмур себепкер болған. Бұл пікірдің туындауына баласының «Неге адамдардың бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күні жоқ?» деген сұрағы түрткі болады. Эмми Бродмур өзінің байланыс арналары арқылы таныс блогерлерге, әлеуметтік желі қолданушыларына, әріптестеріне және сайт серіктестерімен хабарласып, 14 ақпан күні кітап сыйлаумен бастаған болатын. Мерекенің қағидасы бойынша, бұл күні адамдар бір-біріне кітаптар сыйлаған абзал.