2024 жылы 17 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары Балпанқұл Б.Б. Кәдір А.С. және аға куратор Байелі Ә.Ж. мен топ эдвайзерлері Азимбаева И.К. қатысуымен тәрбие сағаты өтті.
«Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында “6В02304- Шетел филологиясы” мамандығының 1-курс студенттерімен «Қымбат емес және таза энергия» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге әлемдегі және Қазақстандағы табиғатымызға зиянын тигізбейтін және қолжетімді энергия өндіретін технологиялар туралы таныстыру. Осы қойылған мақсатқа жету үшін қазіргі таңдағы әлемдегі және Қазақстандағы электр энергиясына байланысты қызықты фактілер мен статистикалар көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы таза энергия көзі болып табылатын күн, жел және су энергия станциялары туралы ақпарат берілді. Студенттердің сабақтан алған ақпаратты меңгеруін тексеру мақсатында тест тапсырмасы алынды. Практикалық тапсырма ретінде студенттер үш топқа бөлініп, күн, жел және судан алынатын энергияның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдады. Сабақтың нәтижесінде, студенттер энергияны үнемдеудің маңызы мен энергияны үнемдеудің жорлдары туралы өз ойларын айтты.
Тәрбие сағатының нәтижесінде қатысушылар берілген ақпараттың өздеріне пайдалы әрі қызықты болғандығын айтып, ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын айтты.