2024 жылғы 21 ақпанда сағат 14:00-де кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Ж.М.Аманжолов “Қаржылық құқықты қолдануды түсіндірудің теориясы мен практикасы” атты тақырыпта вебинар өткізді. Аталған іс-шара барысында нормативтік актінің мәтіні мен контексті, заңды қолдануды түсіндіру әдістері мен түрлері, ережелері, сондай-ақ заңды қолдануды түсіндіру нәтижелері және түсіндіру процесін реттеу бойынша тақырып кеңінен талқыланды. Іс-шара заң факультетінің “құқықтану” мамандығының 2-курс магистранттары арасында ұйымдастырылды. Вебинарға қатысу барысында магистранттар тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын ашық жеткізіп, осы аталған тақырып бойынша сұрақ-жауапқа қатысты.
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
22 қараша, 2024