- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына орай, ұйымдастырылған “Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері” атты сараптамалық стратегиялық сессиясы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына орай, ұйымдастырылған “Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері” атты сараптамалық стратегиялық сессиясы
Бүгін 2024 жылдың 22 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына орай, ұйымдастырылған “Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері” атты сараптамалық стратегиялық сессиясы басталды. Аталған іс шараның тұсаукесерін Қазұудың академиялык мәселелер жөніндегі проректоры заң ғылымдарының докторы, профессор Лаззат Қалымбековна Еркінбаева қолға алды. Өз баяндамасы шеңберінде, жоғары білім және ғылым саласындағы заманиуи трендтерді атай отырып, цифрлық трансформация, білім саласындағы инклюзивті білім беруді жетілдіру, білім сапасын жоғарлату жөнінде мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, сессия спикерлері кадрдық қамтамасыз етудің үздік үлгілерінің әдіснамасын алға тартты, ең басты мәселе кадрлық тұтынушылықтың болжамдау тетігінің жоқ екенін, ғылым мен білім саласында жасанды интелект жүйесінің алатын орны, тағы да сол сияқты өзекті мәселелерді атап өтті. Сараптамалық стратегиялық сессия жүмысына заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық педогогикалық құрамы толығымен қатысты, пленарлық сессия қорытындысында пікір талас жасап, өз ұсыныстары мен көзқарастарымен бөлісті#казну #инклюзивное образование