Аударматану: таным және тәжірибе

15 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15-ші ақпаны күні «Аударматану: таным және тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: ф.ғ.к., аға куратор-эдвайзер Байелі Әсел Жарылқасынқызы және «Аударма ісі және шетел филологиясы» кафедрасының І курс докторанттары. 

Дөңгелек үстел барысында қазіргі аударматану ғылымының дамуындағы өзекті мәселелер, мәдениеттер тоғысындағы аударматану ғылымының өткені, бүгіні мен келешегі, оған қатысты қалыптасқан  жаңа үрдістер мен дәстүрлі бағыттар талқыланып, білікті мамандар практикалық тұрғыдан жинақтаған өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат – түрлі мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен ұлттық ерекшеліктеріне бағытталған шетелдік және отандық аударматанушы ғалымдардың ғылыми-зерттеулерімен студенттерімізді таныстыру және де сол жұмыстарды талқылау барысында өзіндік ізденіске ұмтылған ғылыми ортаны қалыптастыру. Аталған іс-шарада ф.ғ.к., профессор Л.Ж. Мұсалы, PhD доктор А.Е. Алпысбаева, аға оқытушылар И.Қ.Азимбаева мен Р.А.Төреханова, кафедраның 2-курс докторанты А.Е Стамбекова. Дөңгелек үстелге қатысқан филология факультетінің жас ғалымдары, докторанттары, магистранттары және студенттерімен өз тәжірибелерімен және ізденістерімен бөлісті. 

 

Ұйымдастырушылар:  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 филология факультетінің  шетел филологиясы және 

аударма ісі кафедрасының аға куратор-эдвайзері, 

ф.ғ.к. Байелі Ә.Ж.

«Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығы бойынша 

1-курс докторанттары Байлиева Ұ.Б. және Муратова А.М.

«Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығы бойынша 

1-курс докторанты: Хасанова М.Т.