Цукуба университетінің мамандары ҚазҰУ зертханаларымен танысты

22 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Цукуба университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департамент директоры Сакурай Такэаки бастаған делегация келді. 

Жұмыс сапары барысында құрметті қонақтар университет жанындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы мен Процестік инновациялар орталығына барып, қызметімен танысты. Делегация мүшелеріне оқу ордасындағы зертханалар мен инновациялық орталықтардың жұмысы туралы айтылып, ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми жобалары көрсетілді.

Сонымен қатар Цукуба университетінің өкілдері биология және биотехнология, химия және химиялық технология, физика-техникалық, механика-математика факультеттерін аралап көрді.

Цукуба университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департамент директоры Сакурай Такэакимен ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Дүйсенов кездесу өткізді. Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады.

Еркін Дүйсенов құрметті меймандарға ҚазҰУ-ға арнайы келгені үшін  алғысын білдіріп, алдағы уақытта екі университет арасындағы әріптестік байланыстардың жаңа бағытта дамитынына сенім білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі