ЦУР 3: «STUDENT’S» марафонының алғашқы күні өтті!
24.02.2024 күні Фараби университеті, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен бастау алған «STUDENT’S» марафонының алғашқы күні өтті!
Тұрақты даму мақстаттарының (ТДМ) 3 пункті – Жақсы денсаулық және әл қуат бағыты бойынша «Student’s»марафонының алғашқы күні бастау алды. Студенттер таңғы 6-да оянып, дене жаттығуларын жасады.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты,өзі шыдамды болады.Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған.Спорттың қай түрімен айналысу адамның адамның қабілетіне байланысты болады.Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек.Сондай-ақ кермеге тартылу,шахмат,шашка,ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.Дене жаттығулары-белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы.Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағыттылған.