«Бетпе-бет келіссөз теориясы. Әдептілік принциптері» тақырыбында воркшоп

23 қараша, 2023

PhD, кафедраның аға оқытушысы Таубаев Жарас Тұрысбекұлы 23.11.2023ж.  «Face Negotiation Theory. Principles of Politeness» тақырыбында Ресей Халықтар Достығы университетінің (РФ) ғалымдарымен бірлесе Workshop өткізді. Workshop-тың мақсаты берілген теорияны оқыту және пайдалану арқылы мәдениетаралық қарым-қатынаста өзінің қоғамдық имиджін сақтайтындай етіп қақтығыстарды тиімді шешу жолдарын көрсету. Осындай мінез-құлық жеке адамдардың өз позицияларын топта бекітуге деген ұмтылысымен түсіндіріледі.  Кез келген зақым секілді, имиджді де «жөндеуге» болады.