Аршин Мал Алан

23 ақпан, 2024

«БҰҰ ТДМ 4. Сапалы білім» және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының студенттері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барды. 


Әзірбайжандық композитор Узеир Гаджибековтың 1913 жылы жазылған «Аршин Мал Алан» опереттасы студенттерге жағымды және керемет көңіл-күй сыйлады. Студенттер түрлі-түсті костюмдерді, декорацияларды және керемет музыканы тамашалай отырып, сюжеттің дамуын қуана бақылап отырды.
Талантты актерлер өз шеберліктерімен таң қалдырды. Студенттер кейіпкерлермен бірге күлді, оларға жанашырлық танытты және олардың бақытына қуанды.


Театрға бару нағыз мереке болды. Оқытушылар мен студенттер жағымды эмоцияларға бөленіп, ұмытылмас әсер алды.