Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2024 жылдың 7 қантар күні Астана қаласында ұйымдастырылып өткен Қазақстан Республикасы Кубогы спорттық жарысында  жеңіл атлетикадан 4х200 метр эстафетасында бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның жеңімпаз жүлдегері болған Тулегенов Әлхам Серікұлымен кездесу өткізді.

23 ақпан, 2024

 20 ақпан 2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Салауатты өмір салты және әл-ауқат», «Барлығына сапалы білім беру» Орнықты даму мақсаттарын іске асыру бағытында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2024 жылдың 7 қантар күні Астана қаласында ұйымдастырылып өткен Қазақстан Республикасы Кубогы спорттық жарысында  жеңіл атлетикадан 4х200 метр эстафетасында бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның жеңімпаз жүлдегері болған Тулегенов Әлхам Серікұлымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Ә.С. Тулегенов өз сөзінде: «Өзімнің жеңісімді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына арнадым... Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығына және профессорлық-оқытушылық құрамына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін ҚазҰУ-да оқу - мақтаныш, университетте оқу процесі, білім беру әлемдік жоғары стандарттарына сәйкес, спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған, өзім сапалы жоғары заң білімін алдым деп есептеймін. Рахмет», - деп айтты.