«Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балалар орталығына бару

23 ақпан, 2024

4-ші ТДМ  «Сапалы білім» аясында қылмыстық құқық, қылмыстық іс- жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі Р. Е. Джансараеваның бастамасымен, кафедра оқытушысы  М. Т. Досумбекова ҚазҰУ-дың «90 жылдығына 90 игі іс» жобасы аясында  «Жақсылық жасауға жарысайық» қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында 2 курс студенттерімен «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балалар орталығына барып концерт қойып, аниматорлармен көңілдерін көтеріп, силықтар беріп қайрымдылық іс- шарасын өткізді. Университет тарапынан сапалы білім беру барысында студенттерге қайырмыдылқпен айналысу, мұқтаж жандарға көмек көрсету, қамқорлық жасау адам өміріндегі ең игі істерінің бірі- екендігін көрсете білді.


«Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балар орталығына жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде: көмекші сыныптарда оқуға қиындық туғызатын, жүріп-тұру  функцияларының өрескел бұзылулары бар (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін), ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар, бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі пайда болу  салдарынан, жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, 1,5 және 18 жас  аралығындағы қызмет алушылар қабылданады.


«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығының директоры  Н. Алимбекова шын жүректен ризашылығын білдіріп, кафедра меңгерушісі Р. Е. Джансараеваны, кафедра оқытушысы М. Т. Досумбекованы және студенттерді арнайы алғыс хатпен марапаттап рахметін айтты.