- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ: САПАЛЫ БІЛІМ «Алматы-Цукуба: өзін-өзі жетілдіру мен ағартуға саяхат»
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ: САПАЛЫ БІЛІМ «Алматы-Цукуба: өзін-өзі жетілдіру мен ағартуға саяхат»

2024 жылдың 16 ақпаныңда «Алматы-Цукуба: өзін-өзі жетілдіру мен ағартуға саяхат» атты тақырыбында өткен факультеттік іс-шарада спикерлер болып Ахметолдинова Назыкеш, Медеубай Мөлдір, Тулебаева Нургуль және Байсынов Нұрлан сөз сөйледі. Осы тақырып аясында Ахметолдинова Назыкеш пен Медеубай Мөлдір академиялық ұтқырлық бойынша бір семестрлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, сұрақтарға жауап беріп отырды. Олар Цукуба университетінің құрылымымен, оқу жүйесімен, сондай-ақ кампус шеңберінде болған қызықты іс-шаралармен таныстырып өтті. Сондай-ақ студенттермен кері байланыс жасай отырып, алдағы уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға байланысты қандай құжаттарды рәсімдеу керектігі айтылды.
Келесі ретте Тулебаева Нургуль мен Байсынов Нұрлан Цукуба университетіндегі бір апталық көлеміндегі тағылымдама (стажировка) бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл ретте Жапония мемлекетіндегі медициналық жүйенің, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ерекшеліктері аталып өтті. Сонымен қатар климаттық және сейсмикалық апаттар кезінде жапондықтардың күресу шаралары таныстырылды.
Басқа жаңалықтар


