Білікті маман – елдің болашағы

8 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай және тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ.4): Сапалы білім беру аясында "6В03204 - архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" және "6В03208-цифрлық архивтану және құжаттану" мамандықтары бойынша 1-курс студенттері "Білікті маман – елдің болашағы" тақырыбында ҚР Президенті Архивінің Ашық есік күніне қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бөлімдері бойынша экскурсия және арнайы технологиялардағы құжаттарды цифрландыру және реставрациялау жұмыстары таныстырылды. Архив қорларын сақтауды, есепке алуды және цифрландыруды қамтамасыз ету қызметінің аға сарапшысы М.Д. Дүйсенбай студенттерге мұрағат жұмысының негізгі процестері туралы айтып берді: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды цифрлық форматқа ауыстыру, аудио құжаттардың цифрлық форматқа ауысуы, цифрлық құжаттарды пайдалану және т. б.

Іс-шараға тарих факультетінің дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.